Футбол

Италия кубогының финалы: «Наполи» «Ювентусті» жеңді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін футболдан Италия кубогының финалы өтті. Осылайша аталған елде доп додасы қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Финалдық ойында Неапольдің «Наполи» және Туриннің «Ювентус» командалары өзара шеберлік байқасты. Жеңімпаз пенальти тебу арқылы анықталды.

 

Бұл жолы «Наполи 4:2 есебімен ұтты. Осылайша, команда өз тарихында алтыншы мәрте кубокты төбесіне көтерді.

 

Ал «Ювентус» бұдан бұрын 13 мәрте кубок иегері атанған еді.

 

Енді, Италияда 20 маусымда А сериясындағы 27-тур ойындары басталады. Ол 23 маусымға дейін өткізіледі. Ойындар жанкүйерсіз болады. Чемпионат 2 тамызда мәресіне жетеді деп жоспарланып отыр.

 

Қазір турнир кестесінде 26 ойыннан кейін 63 ұпаймен «Ювентус» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Лационың» - 62, «Интердің» 52 ұпайы бар.

 

Қазірге дейін Англия, Германия, Испания чемпионаттары қайта жалғасты.

 

Ал Францияда доп додасы бітпестен «Пари Сен-Жермен» чемпион болып шешілді.

 

Бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы финалдық кезеңі қалай өткізілетіні хабарланды.

 

Сондай-ақ Англия Премьер-лигасы қайта жалғасқанын, бүгін «Манчестер сити» мен «Арсенал» кездескенін жаздық.

 




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 08:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31