Жанкүйерлер қолына от алып футболшыларды алаңнан тырқырата қуды

30 мамыр 2022, 22:54

"Сент-Этьен" 18 жылда алғаш рет Франция чемпионатының жоғары дивизионынан шығып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Сент-Этьен" Францияның 1 лигасына қатысу құқығы үшін шешуші матчте  "Осер" командасынан ұтылды.

 

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында 5:4 есебімен "Осер" жеңіске жетті. Бірінші кездесуде де 1:1 болған.

 

Осылайша, "Осер" 2012 жылдан бері алғаш рет элиталы дивизионға көтерілді.

 

Ойын аяқатала салысымен "Сент-Этьен" жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, футболшыларды қуа жөнелді.