Футбол

Жуков Қазақстан туралы айтқаны үшін ел құрамасы сапынан шығарылуы мүмкін

  • https://www.sports.kz/

    https://www.sports.kz/

Жартылай қорғаушы Георгий Жуков Қазақстан құрамасы сапынан шығарылуы мүмкін, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Бұған себеп футболшының әлеуметтік желіде жазған сөздері.

"Қазақстанда болғанымда маған шетел адамы сияқты қарайтын. Жергілікті футболшыларға деген қолдау мен құрмет маған көрсетілген жоқ. Қазір Еуропаға қайттым, енді мен патриот бола қалып, елді жарнамалау керекпін бе? "Қайратқа" алғыс айтамын. Маған қолдау білдірген адамдарға рахмет айтамын. Бірақ мені Қазақстанда шетелдік деп санайтын. Мұндай жағдайда өмір сүру қиын, бапкерлер саған (Шпилевский емес) қазақ деп, ал қазақтар саған легионер деп қарағанда. Бұл өте қиын жағдай. Сондықтан маған оңай болған жоқ. Қазақстанда қоғам тарапынан, журналистер, мамандар, комментаторлар тарапынан ешқандай мойындау жоқ, мен Қазақстанда болмағандай".

Интернетте тарап кеткен Жуковтың бұл сөзіне Қазақстан футбол федерациясының президенті Азамат Айтқожин жауап берді.

"Баспасөз беттері мен әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың айтқаны тарап кетті.

Міндетті түрде Георгиймен кездесіп, сөйлесеміз. Жуков сөзін растаса, сәйкес шешім қабылдаймыз. Ұлттық құрамада еліміздің намысын қорғауға құлышынып тұрған және патриот футболшылар қорғау керек деген ойдамын", - деп келтіреді Айтқожиннің сөзін ҚФФ сайты.

Еске салайық, 25 жастағы Жуков маусым аралығында "Қайрат" сапынан кетіп, краковтық "Вислаға" қосылды.
 




Көрілген: 2223    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 13:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30