Футбол

Карим Бензема Еуропа чемпионатында Зиданның рекордын бұзды

  • https://footballua.tv/

    https://footballua.tv/

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема Еуро-2020 турнирінің топтық кезеңі Португалияға қарсы үшінші тур матчінде дубль жасаған еді.

 

Opta мәліметінше, "Реал" форварды 33 жас 186 күнде Еуропа немесе әлем чемпионатының финалдық турнирінде бір голдан артық доп салған жасы ең үлкен франциялық болып отыр. Осылайша, Бензема 2004 жылғы Еуропа чемпионатында Англиямен матчте (2:1) дубль жасаған Зинедин Зиданнан асып түсіпті, ол кезде қазіргі бапкерге 31 жас 356 күн болған.

 

Бензема Франция құрамасында 2007 жылдан ойнай бастады, содан бері командамен 86 ойынға қатысып, 29 гол салған және 19 нәтижелі пас берген.

 

Франция құрамасы Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалына шығып, келесі матчте Швейцариямен ойнайды.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30