Футбол

Қаржылық қиындыққа тап болған "Барселона" қақпашысын сатпақ

  • Сурет

    Сурет "Барселона" сайтынан

"Барселона" қақпашысы Марк-Андре тер Штеген "Бавария" сапына ауысуы мүмкін,- деп хабарлайды TodoFichajes басылымы.

 

Дереккөздің ақпараты бойынша, мюнхендік клуб қақпашыға қызығушылық білдіріп отыр екен. "Барселона" басшылары болса тер Штегенді қаржылық қиындыққа байланысты сатып жіберуі ықтимал.

 

Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" командасының футболшылары жалақысын қысқартуға келісім бермесе, клуб банкротқа ұшырауы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын.

 

Ал "Бавария" басшылары Марк-Андре тер Штеген Мануэль Нойердің орнын басады деген сенімде. Бұл трансфердің құны 80 миллион еуроға бағаланып отыр.

 

28 жастағы неміс қақпашысы "Барселона" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол "Боруссия" сапынан ауысып келген. Биыл ол жарақатына байланысты команда сапында әлі ойнамады. Оның каталониялық клубпен 2025 жылдың жазына дейін келісімшарты бар.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 02:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша 2020
    ӨЛМЕЙДІ МАРАДОНА!!!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31