Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қатар-2022: Хорватия қола жүлдеге қол жеткізді

17 желтоқсан 2022, 23:05

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Хорватия құрамасы қола жүлдегер болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бүгін 3-орын үшін сайыста Хорватия мен Марокко құрамалары кездесті.

 

Ойын басында хорватиялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Шабуылды оң және сол қанаттан ұйымдастырған олар 7-минутта есеп ашты. Аталған құрама футболшысы Йошко Гвардиол әуелеп келген допты баспен қақпаға соқты. Арада көп ұзамай марокколық құрама таразы басын теңестіріп үлгерді. Ойынның 9-минутында Ашраф Дари мергендік танытты.

 

Кездесу барысында марокколық футболшылар қателікке жиі бой алдырды. Десе де олардың қателігін қақпашы Ясин Буну түзеп жатты. Ал 42-минутта ол Мислав Оршичтің тепкен соққысына қауқар көрсете алған жоқ.

 

Екінші кезеңде де хорватиялықтар тізгінді өз қолынан шығармауға тырысты. Екі құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді.

 

Осылайша Хорватия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Еске салсақ, хорватиялық футболшылар әлем чемпионаты финалдық сатыларында Африка құрлығынан келген үш құрамамен кездесуінде бірде-бір гол жіберген жоқ. Топтық кезеңде 2014 жылы Камерунды 4:0, 2018 жылы Нигерияны 2:0 есебімен жеңген еді.

 

Айта кетсек, әлем чемпионатында 3-орын үшін соңғы 10 кездесуде еуропалық құрамалар жеңімпаз атанды.

 

Енді финалда Аргентина - Франция құрамаларының кездесуі 18 желтоқсанда елорда уақытымен 21:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.