Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қатар 2022: Модрич тарихтағы бірінші футболшы атанды

24 қараша 2022, 15:32

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич үш он жылдықта әлем және Еуропа чемпионаттарында да ойнаған тарихтағы бірінші футболшы болып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Чемпионат"-қа сілтеме жасап жазды.

Модрич мұндай көрсеткішке Катарда өті жатқан әлем біріншілігінде Хорватия командасымен Мароккоға қарсы матчте (0:0) жетіп отыр.

 

37 жастағы ойыншы төрт әлем чемпионатында (2006, 2014, 2018 бен 2022 жылдары) және төрт Еуропа чемпионатында (2008, 2012, 2016 мен 2020 жылдары) өнер көрсеткен. Хорватия құрамасы үшін Модрич жалпы 155 кездесуге қатысып, 23 гол салған және 25 ассист жасапты. Құраманың ең жоғары жетістігі 2018 жылы Ресейде өткен ӘЧ күмісі.

 

27 қараша F тобында Бельгия - Марокко, Хорватия - Канада ойындары өтеді.