Қатар 2022: Швейцария чемпионатты жеңіспен бастады

24 қараша 2022, 19:10

Футболдан Швейцария құрамасы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

G тобының аясындағы ойында Швейцария Камерунмен кездесті.

 

Матчтың 48 минутында Брель Эмболо жеңіс голының авторы атанды.

 

Бір қызығы гол салған Эмбола Камерунда дүниеге келген.

 

 

Еске салайық, бұл топта жайғасқан Бразилия мен Сербия арасындағы ойын бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 01:00 басталады.