Футбол

"Қайрат" Еуропа лигасын сырт алаңдағы жеңіспен бастады

  • ©

    © "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық "Широки Бриегті" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 12 шілдеге қараған түні "Пецара" стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.


"Қайрат" матчтың 29-минутында алға шықты - жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның пасынан кейін украиналық форвард Адеринсола Эсеола қанжығасын майлады.


Бірақ "Широки Бриег" ойыншылары есепті жылдам теңестіріп тастады - 34-минутта ресейлік хавбек Иван Ениннің алыстан бағыттаған добы Стас Покатилов қақпасына еніп кетті.


Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. "Қайрат" 58-минутта айып соққысын голға айналдыра алды: Исламхан допты сол қанатқа жеткізді, мұнда жалғыз тұрған қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңына пас асырған, Эсеола дубль жасап, матч нүктесін қойды.


Енді "Қайрат" пен "Широки Бриег" арасындағы қарымта ойын 18 шілдеде Алматыда өтеді. Басталуы - елорда уақытымен 20:30-да. Алаң иелері кем дегенде тең түссе не 0:1 есебімен жеңілсе, келесі кезеңге өтеді.


Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ордабасы" өз алаңында грузиялық "Торпедоны" 1:0 есебімен жеңген, ал "Тобыл" сырт алаңда люксембургтік "Женесс" командасымен тең тарқасқан болатын - 0:0. Бұл командалардың да қарымта кездесуі 18 шілдеде өтеді.


 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31