Футбол

«Қайрат» көш соңындағы командадан жеңіліп қалды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін, 23 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Атыраудан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Атыраулық клуб бұған дейін небәрі екі ұпаймен турнир кестесінде көш соңында келе жатқан болатын. Ал «Қайрат» үздік үшікте тұрған еді. Алты турдан кейін үш жеңіс, үш тең нәтижеге қанағат білдірген олар, 12 ұпайды еншіледі.

 

Бүгінгі кездесуде 47-минутта атыраулық Жасұлан Қайыркенов соққан жалғыз гол алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Атыраулық клуб қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

 

Біріншілік барысында «Атырау» алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, «Қайрат» тұңғыш рет қарсыласына есе жіберді.

 

Турнир кестесінде «Қайрат» 12 ұпаймен үздік үштіктен төртінші орынға төмен түсті.

 

«Астана» олардан бес ұпайға ұзап кетті.

 

Бұған дейін екі ойынның нәтижесі белгілі болды. Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Тараз» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» клубына 0:1 есебімен есе жіберді. Елордалық «Астана» дәл осы есеппен Қарағандының «Шахтерін» тізе бүктірді.

 

 

 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 20:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30