Футбол

Қайырымдылық футбол турнирінде 1 миллионға жуық қаржы жиналды

  • Қайырымдылық футбол турнирінде 1 миллионға жуық қаржы жиналды

    Қайырымдылық футбол турнирінде 1 миллионға жуық қаржы жиналды

Алаңда ала допты теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын білесіз бе? Әбден болады, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жыл сайын қайырымдылық мақсатта Алматы қаласында футболдан турнир өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да осы дәстүрден жаңылмаған қор өкілдері «Асқар Жакулин кубогі» шағын-футбол турнирін 27 сәуірде «Жас қыран» спорт кешенінде өткізді, бұл жолы турнирге 18 команда қатысты. Естеріңізде болса, былтыр бұл додаға 16, алдыңғы жылы 13 команда қатысқан болатын. Жылдан жылға қатысушылар да, демеушілер де көбеюде.






Өзінің елін, жерін сүйген қазақтың парасатты ұлы, белгілі кәсіпкер, меценат Асқар Жакулиннің құрметіне ұйымдастырылған футболдың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиналған қауым 1 минут үнсіздікпен Асқар Жакулинді еске алды. Турнирдің ресми бөлімінде Жакулин мырзаның ең жақын достарының бірі, белгілі ақын, қоғам қайраткері Алмас Ахметбек Асқар Жакулин жайлы өзінің жүрек тебірентер естеліктерімен бөлісті.

Биыл футболға қатысқан командалардың көбі бірнеше жылдан бері қайырымдылық шарасына тұрақты қатысып келе жатқандар. Жаңадан қосылған командалар да бар.




«Ақсай клиникалық балалар ауруханасы» командасы, «Ақжол Транс Терминал», «FORTE LEASING», «АС-АЙ» ЛТД, «Азия мебель», «Ақсай», «МПЗ Бижан», «Өнер», «Минметалс», «XCMG», «Атлант», «Тарбағатай», «Тринашка», «АДС групп», «KNLK INTERNAТIONAL KAZAKHSTAN INS», «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС», «HIТACHI ТEAM» командалары 4 топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті.




Ойын нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды осы турнирге 3 жыл қатарынан қатысып келе жатқан Қапшағай қаласының «Атлант» командасы жеңіп алды. Екінші орын «Өнер» командасына бұйырды, ал үшінші орынды «XCMG» иеленді. Жүзден жүйрік шыққан командаларға кубок және естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Атлант» командасының ойыншысы Кисаев Қайрат – үздік ойыншы, Жұмабаев Елдар – үздік шабуылшы, Икарбеков Ақан – үздік қақпашы номинациялары бойынша марапатталып, естелік сыйлықтар алды.










Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, демекші қайырымдылық – қадірлі іс. Осы орайда шағын-футбол турнирін өткізуге атсалысқан демеушілердің жақсылығын айтпай кетпеске болмайды. Футболдан жарыс ұйымдастыру үшін ең алдымен, әрине алаң керек. Осы жолы футбол алаңын Ғалымжан Серәліұлы төрағалық ететін «Жас қыран» спорт кешені тегін ұсынды. Сондай-ақ Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жедел-жәрдем көлігінің қызметін тегін берді. Ал «Хрустальная» компаниясы ойыншыларды сумен қамтамасыз етсе, «Интерспорт» дүкені бірнеше кубокты сыйға тартты. Тағы бір айта кетерлігі, шағын-футбол турнирі демеушілерінің бірі «Қайрат» футбол клубы жүлделі орын алған командаларға «Қайрат» командасының бір ойынына тегін билеттер табыстады.





Гүлнар Сейдолла, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры: – Елім, жерім, ұлтым дегенде ішкен асын жерге қойған марқұм Асқар Жакулиннің құрметіне биыл да шағын футбол турнирін ұйымдастырудың сәті түсіп отыр. Осының бәрі бізге қолдау білдірген демеушілерміз бен ойынға қатысуға ниет білдірген белсенді командалардың арқасы. Сондықтан осы турнирге атсалысқан әрбір жанға алғысымды білдіремін. Біз жыл сайын футбол турнирін өткізіп тұруды дәстүрге айналдырдық. Жылдан жылға тәжірибеміз артып келеді. Былтыр турнирге 16 команда қатысса, биыл 18 команда қатысып отыр. Бұл жолғы жарыстың бұрынғы турнирлерден ерекшелігі де жоқ емес. Биыл команда ойыншыларының арасында ең үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы номинацияларын тағайындап, оларды арнайы марапаттадық. Футбол турниріне қатысқан командалардан барлығы 920 мың теңге қаржы жиналды. Бұл қаражат 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын шараларға жұмсалады. «Жақсы істің бір бөлігі бол!» деп көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырамыз.




Айнұр Сенбаева


 




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30