Футбол

Қазақ футболы тазаратын кез келді

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Биыл ҚПЛ клубтарына бөлінетін қаржы екі есе азайғанын байқадық деп хабарлайды inbusiness.kz.

 

Қазақ футболына бөлінетін қаржы тым көп, соның салдарынан футболымыз дамымай жатыр деп безек қаққанымыз өтірік емес. Себебі, қаржы көп жерде жемқорлық пен сыбайластық көп орын алады.

 

Жылына 8-9 миллиард теңгені игеріп тастайтын клубтарымыздың көрсетіп жатқан нәтижесі де, даму бағдарламалары да сол күйі жылжымай тұр. Бір орыннан мызғымайтын, алға жылжымайтын, бюджеттік қаржыны сүліктей сорған клубтар бізге керек пе?

 

Әлбетте мен спорт журналисі ретінде бұл мәселені талай жерлерде жаздым, айттым. Клубтарға бөлінетін қаржыны 2 есе азайтсақ та футболымыздың деңгейі одан қатты зардап шекпейтінін дәлелдермен келтірдім.

 

Міне, сол жазғандарымыздың жартысы болса да іске аса бастағандай. Әлбетте, оның барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін.

 

«Кәсіпқой клубтарға бөлінетін қаржыны азайту» туралы бір ауыз сөз айтқан президет тапсырмасы жерде қалмауы тиіс. Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын «Ақжайық» клубы 650 миллион теңге көлемінде бюджет алған. «Шахтер» Қарағанды 800 миллион, «Тараз» 1,5 млрд, «Ордабасы» 3,5 млрд бюджетпен өнер көрсетеді. Қалған клубтар жылдық бюджеттерін енді естіп жатыр.

 

Қыруар қаржыны игеріп үйренісіп қалған клубтар енді аз сомамен қаншалықты өнер көрсетер екен?

 

Әзірге командалар әдет бойынша Түркияны бетке алып, оқу-жаттығу жиындарын бастады. Жаңадан легионерлер алып, футболшылар трансферін тіркеп, ештеңе де өзгермеген күйі бәз-баяғы қалпында жұмыс істеп жатыр.

 

Кімнің нәтижесі қалай боларын уақыт көрсетеді. Бірақ бір анығы аяқдоп өнері ақшаға келіп тірелмейді.

 

«Егер футболды қаржы шешетін болса онда арабтар қайта-қайта Әлем чемпионы болар еді» деп Казжимеж Горский мырза айтпақшы Қазақстанда да көп нәрсені ақша шешпейді.

 

Әлбетте ақшамен төрешілерді сатып алу, келісілген матчтар өткізу деген бірлі-жарым оқиғалар болатыны анық. Ол тек біріншіліктің соңында ғана.

 

Қаржысы көп клубтар «Ордабасы» мен «Астана» өткен жылы «Шахтерден» бір бас жоғары болды деп айта алмаймыз. Турнирлік кесте де соның дәлелі бола алады. «Шахтер» өткен маусымда 4 орыннан көрінді. Биыл да сол межені мақсат тұтып отыр.

 

Тағы бір ұнағаны «Тараз» клубы 1,5 млрд бюджет алып, легионерлерге шектеу қойыпты. Яғни, 5 легионерден аспауы тиіс. Негізгі күш жамбылдық жастарға түспек. Таланттармен танылған өлке өз түлектерімен-ақ біршама жерге жете алады.

 

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев сондай тапсырма берді. Соның арқасында алаңға шыға алмай жүрген жергілікті жастар биыл мүмкіндік алмақшы.

 

Жалпы өзге командаларымыз да сапасыз сырттандарды кетіріп, қазақстандық футболшыларға иек артпақшы. Карантиннің, дағдарыстың ел футболына осылайша пайдасы тигелі отыр. Футболда ақша үшін жүрген «атқамінерлер» орындарын босатып, қызметке нағыз жанашырлар келіп жатыр.

 

Қазақ футболы тазаратын кез келген секілді.




Көрілген: 217    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 22:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30