Футбол

Қазақстан кубогы: «Астана» «Қайсармен» тең түсті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алғашқы ойын күнінде төрт кездесу өткізілді. Жанкүйерлер алдымен «Астана», «Қайрат» және «Тобыл» командаларының кездесулеріне көз тіккені рас.

 

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында алматылық Андрей Ульшин 10-минутта мергендігімен көзге түсті. Айта кетерлігі, алматылық ұжымда негізінен жастар ойын көрсетті.

 

«Астана» да бүгін жастарға үміт артты. Елордалық клуб соған қарамастан Қызылордада жергілікті «Қайсармен» 0:0 есебімен тең ойнады.

 

Ал «Тобыл» сырт алаңда «Тараздың» 1:3 есебімен осал тұсын тапты. Кездесу барысында қостанайлық клубтан Зоран Тошич 5, 33, Асхат Тағыберген 90-минутта гол соқса, оған алаң иелерінен Берік Айтбаев 14-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

 

Ал «Қызылжар» мен СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан) клубтары кездесуінде 1:1 есебі тіркелді. Алдымен елордалық клубтан Нарби Мерғазы 61-минутта есеп ашса, 79-минутта петропавлдық Оңласын Сәкен таразы басын теңестіріп кетті.

 

Енді 11 шілдеде «Ақтөбе» мен «Акжайық», «Каспий» мен «Тұран», «Атырау» мен «Мақтарал», «Ордабасы» мен «Шахтер» кездеседі.

 

Айта кетсек, биыл аталған дода жаңаша талаптар бойынша ойналады.

 

Топтық кезеңде Премьер-лиганың 14 командасы мен іріктеу кезеңінен іркілмей өткен бірінші лиганың екі клубы төрт топқа бөлінген.

 

 

 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 01:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30