Футбол

Қазақстан құрамасы ресейліктерге есе жіберді

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Ресейден жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Калининградта өткен I тобының алтыншы айналымында 1:0 есебімен алаң иелері басым түсті.


Ойын басталғанда Қазақстан құрамасының сапында Бауыржан Исламхан болмады, ол алаңға 65-ші минутта шықты. Бірінші тайм тең аяқталды. Ойынның 63-ші минутында Ресей құрамасында бірден үш адам ауысты. Қазақстан құрамасы дереу контршабуылға көшті, алайда қақпашыға айтарлықтай қауіп төндіре алмады.


Ойын соңында (89-шы минутта) Ресей құрамасында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Марио Фернандес өз командасына жеңіс алып келді.


Айта кетейік, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Кипр футболшыларымен тең ойнады. Ойын Никосия қаласында өтті және есеп 1:1 болды.


Келесі ойындарды Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізеді: 10 қазанда Кипр құрамасы, 13-нде Бельгия. Қарашада Сан-Марино мен Шотландияға қарсы ойындар бар.


 




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 10:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30