Футбол

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы ойында Грузиядан ұтылды

  • Reuters©

    Reuters©

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы бәсекені аяқтады. Топтағы соңғы ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын команда Тбилисиде Грузия құрамасына есе жіберді.


Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Үш гол да екінші таймда соғылды.


Тбилисидегі ойынға қақпашы Ненад Эрич, жартылай қорғаушылар Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков пен Еркебұлан Тұңғышбаев барған жоқ. Жаттықтырушылар құрамы жастар мен өзге де ойыншыларға сенім артты.


"Тобыл" командасының қақпашысы Дмитрий Непогодов ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынына қатысты. Украиналық спортшы Қазақстан атынан қатысуға мүмкіндік алған еді.


Ойындағы алғашқы голды 59 минутта Георгий Меребашвили соқты. 83 минутта Георги Чакветадзе жеке шеберлігін танытып, есепті еселеді. Бұл ойыншы алғашқы ойында да гол соққан болатын. Жай гол емес, Ұлттар лигасындағы алғашқы тарихи голды да Қазақстан құрамасы қақпасында тулатқан еді.


89 минутта алаңға Оралхан Өміртаев шықты. Араға 1 минут сала гол соғып, есепті қысқартты. Төреші қосқан 3 минутта есеп өзгеріссіз қалып, алаң иелері жеңіске жетті.


Топта 16 ұпай жинаған Грузия құрамасы 1-орын алды. Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен 2-орынға тұрақтады. Латвия мен Андорра құрамалары 4 ұпаймен жарысты аяқтады. Соңғы ойында екі құрама 0:0 есебімен тең тарқасты.


Грузия құрамасы С дивизионына жоғарылады. Сондай-ақ 2020 жылғы Еуропа чемпионаты жолдамасына таласады.


Айта кетейік, Грузияны 2013-2015 жылдары "Қайрат" командасының тізгінін ұстаған Владимир Вайсс жаттықтырады. 


vesti.kz




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.11.2018, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30