Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды

23 маусым 2022, 18:07

Қазақстан құрамасы мен "Ақсу" клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг пайдаланғаны үшін үш жылға футболдан шеттетілді., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Футболшы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болған ойынға дейін допинг тест тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсетті. Артынан спортшы Б тестін де тапсырған. Ол да оң нәтиже көрсетті.

 

Осыдан кейін Әбікенге үш жылға ресми ойындарда өнер көрсетуге тыйым салынды.

 

Айта кетері, осымен Қазақстан құрамасының үшінші ойыншысы допингпен ұсталып, дисквалифицияға ұшырап отыр. 2019 жылы Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілсе, 2021 жылы Руслан Валиуллиннің сынамасы оң нәтиже көрсетті.