Қазақстандық футбол клубы Ресей чемпионатында ойнайды

09 сәуір 2021, 08:52

Кәсіби футбол лигасының Ресей біріншілігінде "Батыс" аймағында ойнайтын "Қайрат-Мәскеу" атты жаңа футбол клубы ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеу облысына аттанды, онда олар ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Турнирдің басталуы осы жылдың тамыз айына белгіленген.

"Қайрат-Мәскеу" Красногорск қаласына тұрақтайды, сол жерде матчтарын өткізеді. Команданы жаттықтырушы Кирилл Кекер басқарады, оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектеседі.

 
Meta-ratings.kz басылымының мәліметінше, командаға "Қайрат" - "Қайрат-Жастар" жастар құрамының футболшылары кіреді. Қазақстан Бірінші лигасының өкілі 2021 жылғы маусымда Кирилл Моруновтың жетекшілігімен академияның жас тәрбиеленушілерімен өнер көрсетеді.