Қазақстандық футболшыға еуропалық клубтардың бірінен ұсыныс түсті

24 қараша 2020, 02:50

 "Беерсхот" клубының басқарма төрағасы Фрэнсис Вранкен қазақстандық қорғаушы Ян Вороговскийге басқа клубтардан ұсыныс түскенін және оны жібергісі келмегенін айтты, деп хабарлайды KazFootball.kz Gazet van Antwerpen-ге сілтеме жасап.

 

"Жарнаманың жоқтығына байланысты коммерциялық табысымыз шектеулі. Бірақ екінші жағынан, біз алға жылжуға мүмкіндік алу үшін жақсы команда құра білуіміз керек. Сондықтан ойыншыларды сатқан жоқпыз. Мариус Нубисси үшін екі миллион еуро төлеуге дайын болған бірнеше клубтар болды. Мохаммед Халаймия мен Ян Вороговскийге ерекше қызығушылық болды. Осы трансферлік кірістің арқасында біздің қаржылық жағдайымыз жақсарар еді, бірақ спорттық тұрғыдан әлсірейтін едік. Ұзақ мерзімді перспективада біз өз табыстарымызды трансферлер арқылы көбейтеміз деп үміттенеміз. Біздің ойыншылардың құны артпаса, кемімейді". - деді Вранкен.

 

24 жастағы Вороговский «Беерсхотта» 2019 жылдан бері ойнайды. Ол осы маусымда тоғыз кездесу өткізіп, бір гол соқты.

 

 

kaz.vesti.kz