Футбол

Қазақстандық футболшылар Әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті

  • Қазақстандық футболшылар Әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті

    Қазақстандық футболшылар Әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті

Қазақстандық футболшылар FIF7 (7Х7 форматындағы футбол) Әлем чемпионатының жартылай финалына кіріп, Бразилиядан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.


Бразилияның Куритиб қаласында Қазақстан құрамасының қатысуымен әуесқойлар арасында ерекше Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Командалар 7Х7 форматында паркеттің үстіне төселген жасанды газонда ойнап жатыр. Футболдың бұл түрі біздің елде аса танымал емес. Соған қарамастан, алматылық СКА базасында жасақталған команда әлемдік біріншілікке аттанды.


Қазақстан құрамасының құрамы: Денис Кригер (қақпашы), Данияр Сопиев, Бектас Изизов, Еркін Нұржанов, Нұрсұлтан Нұржігіт, Қайрат Күлбараков (ойнайтын жаттықтырушы), Асхат Есімбаев, Елшат Төкен және Жасын Қайыпбаев.


Біздің команда Аргентина, Мексика және Колумбия өкілдерімен бір топқа түсті. Перу командасы да келуі тиіс еді, бірақ олар қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, чемпионат турнирі басталардың алдында Колумбиядағы бір топ ойыншылардың елден кете алмайтыны белгілі болып, олар да келе алмаған. Соған қарамастан, үш команда өзара ойнады. Қазақстан Аргентинаны басып озып (6:5), топта екінші орынға ие болды және мексикалықтарға «буллит» бойынша - матчтан кейінгі пенальтиде есе жіберді.


Біздің команда плей-оффке шығып, Уругвай құрамасына тап болды. Онда да жеңіске жетіп (3:1), жартылай финалға жолдама алды. Бірақ, онда қазақстандықтарды турнирдің басты фавориті - мундиал иесі Бразилия күтіп тұрды.


Ширек финалда бразилиялықтар А тобындағы төртінші командамен ойнауға тиіс еді. Бірақ, Колумбия келмегендіктен, жартылай финалға тікелей шықты. Қазақстандықтар таңертең Уругваймен ойнап жатқанда, Бразилия командасы демалды. Осылайша, кездесу 10:2 есебімен аяқталды.


«Бразилияға төтеп беретін күшіміз қалмады. Олардың командасы өте мықты және олар турнирдің иелері. Ал, біз бірнеше сағат бұрын ғана Уругваймен ойнадық. Сондықтан, шарт тең болған жоқ. Соған қарамастан, біз осы турнирде Қазақстанның намысын лайықты қорғап, жартылай финалға шықтық. Мысалы, Ресей ширек финалдан өте алған жоқ», - деп есептейді команда ойыншысы Жасын Қайыпбаев.


Енді, қазақстандықтар 3-орын үшін тағы да аргентиналықтармен ойнайды.


www.inform.kz


 




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сенбі, 15.12.2018, 21:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30