Қазақстандық футбошы РПЛ-дегі клубтың ең қымбат ойыншыларының бірі болды
Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко волгоградтық "Ротор" командасындағы ең қымбат ойыншылардың бірі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Transfermarkt мәліметінше, Шомконың трансферлік құны  1,5 миллион еуро.
 
Осылайша, жаңа клубында ол 20 жастағы ресейлік Данил Степановпен бірге үшінші орында. Олардан жоғары грузиялық ойыншылар - 19 жастағы Зураб Давиташвили (2,5 миллион еуро) және 28 жастағы Соломон Кверквелия (3 миллион еуро) тұр екен.