Қазақстанның екі футбол командасы келісілген ойынға қатысы бар деп айыпталып отыр

19 қазан 2020, 14:35

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайтында Екінші лиганың бесінші турында "Қызылжар СК Ж" командасы менн SD Family арасындағы ойын ҚФФ мен ҚКФЛ тарапынан тексерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

 

ҚКФЛ таратқан ақпарат бойынша, қазіргі уақытта бұл ойынға букмекерлік кеңселердің берген коэфиценттері қаралып жатыр екен. Сонымен қатар матчтың Live режиміндегі коэфиценттер де тексеріледі. Одан бөлек, матчтың видео жазбасы қайта қаралып, ойынның ресми өкілдерінен де тексеріс жүреді.

 

Кездесу футболда сирек кездесетін есеппен аяқталды. "Қызылжар" командасының жастары 9:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында үш автогол соғылды.

 

Бұл топта енді бір ғана ойын қалып отыр. "Қызылжар Ж" командасы мен "Рузаевка" арасындағы. Егер аталған ойында петропавлдық команда жеңіске жететін болса, онда олар доп айырмашылығы бойынша "Тобыл М" командасынан озып, топта бірінші орын алады.