Футбол

«Кеттік, камерасыз сөйлесейік». Зидан тілшіге тіл тигізді

  • Realmadrid.ru

    Realmadrid.ru

«Реалдың» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан кеше Испанияның екінші біріншілігі, Сегунданың плей-офф кезеңінде кездескен «Райо Вальекано» мен «Жирона» арасындағы ойынды тамашалады.

 

«Райо» командасының сапында франциялық маманның ұлы Люка Зидан ойнады.

 

Ойыннан кейін Зиданға GOL порталының тілшісі Серджио Киранте келіп, «Реалдан» кету себебін сұраған.

 

Зидан тілшіге назар аудармаған, кейін ашуланып, тілшіге: «Сен осы сұрақты қайталап қоя бересің бе? Бұл ақылға сыймайтын сұрақты неге қайталай бересің? Сенің жұмысың масқара! Мен сені, сен мені жақсы білесің. Кәсіпқой тілші емессің. Бірнәрсені қайталай бересің. Кеттік, камерасыз сөйлесейік», – деп тілшіні жеке сөйлесуге шақырған. 

 

Айта кетейік, 48 жастағы маман биыл маусым аяқталған соң «Реалдан» кеткен болатын. Ол кеткен сәтінде жанкүйерлерге хат жазып, онда команданың басшылығы оны қолдамайтынын айтқан.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 17:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30