Килиан Мбаппе алдағы жоспарымен бөлісті

04 сәуір 2022, 18:05

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Пари-Сен Жермен" сапында қала ма, қалмай ма деген саулаға жауап берді. Бұл туралы Prime Video порталына сілтеме жасаған vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Еске салайық, осыған дейін испаниялық "Реал" мен "Барселона" Мбаппені өз қатарына қосықысы келеді деген ақпарат шыққан болатын.

 

"Мен өз болашағыма байланысты нақты шешім шығарған жоқпын. Мұны бәрі біледі. Әлі ойланып жатырмын. Егер мен шешім шығарып қойғанымда, оны бәрі еститін еді. ПСЖ сапында қалуым мүмкін бе? Әрине", - деп жауап берді Мбаппе.

 

Айта кетейік, Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша, Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы. Портал 23 жастағы шабуылшыны 160 миллион еуроға бағалап отыр.