Футбол

Килиан Мбаппе алдағы маусымды қай командада ойнайтыны белгілі болды

  • https://nevasport.ru/

    https://nevasport.ru/

Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе келесі маусымда да париждік команданың сапында ойнайтынын растады.

 

"Мен ПСЖ сапында қаламын. Бұл жобаның бір бөлігі болғым келеді. Келесі маусымда ПСЖ қатарында ойнап, командамен көп жүлде жеңгім келеді. Бұл жобада жүргеніме төртінші жыл болады. Маңызды жыл болайын деп тұр. Клуб 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Сондықтан өзімді жақсы қырынан көрсетіп, жүлде жеңу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Бұл команда үшін де, жанкүйерлер үшін де маңызды", - деп келтіреді Мбаппенің сөзін beIN Sports порталы.

 

2019/20 жылғы маусымда Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирде 33 кездесуге қатысып, 30 гол және 17 нәтижелі пас берді. Коронавирус пандемиясына байланысты Францияның 2019/20 жылғы маусымы уақытынан бұрын тоқтатылды. ПСЖ чемпион атанды.

 

Мбаппеге "Реал" қызығып отыр деген ақпарат бұған дейін бірнеше рет шыққан еді. Осы сұраққа шабуылшының өзі нүкте қойып отыр. 21 жастағы шабуылшы әлемнің ең қымбат футболшысы. KPMG Football Benchmark есебі бойынша, оның трансферлік құны 225 миллион еуро екен.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 1677    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31