Килиан Мбаппе "Реалға" қашан ауысады

17 мамыр 2022, 19:29

Франция құрамасы мен ПСЖ командасының шабыулшысы Киллиан Мбпанненің "Реал" сапына қашан ауысатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Реал" Килиан Мбаппенің командаға ауысқаны туралы хабарды Чемпиондар лигасынан кейін жариялайды", - деп жазады Goal басылымы Twitter парақшасында.

 

 

Айта кетейік, осыған дейін Мбаппенің "Реал" сапына нақты ауысатыны анықталған елі.

 

Шабуылшының жалақысы салық төленгеннен кейін 25 миллион еуро болады (салыққа дейін таза жалақы 50 миллион еуро). Сонымен қатар, "Реалмен" келісімшарт жасағаны үшін ол 100 миллион еуро сыйақы алады.

 

Осылайша, Мбаппе мадридтік команда сапында ең көп жалақы алатын футболшы болады. Қазір "Реалда" ең көп жалақы алатын Эден Азар. Оның айлығы 14,5 миллион еуро.

 

Биыл 23 жастағы шабуылшы барлық турнирде ПСЖ сапында 44 кездесуге қатысып, 36 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.

 

Ал Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы. Оның футбол нарығындағы бағасы 160 миллион еуро.