Футбол

Криштиану Роналду 36 жасында "Ювентус" пен әлемдік футбол тарихына атын жазды

  • Getty Images

    Getty Images

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду туриндік клуб үшін 100-ші голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Португалиялық ойыншы Италия чемпионатының 36-шы турындағы "Сассуолоға" қарсы ойында (3:1) көзге түсті.

 

Opta Paolo мәліметінше, Роналду үш маусымдағы барлық турнирде 100 доп салған "Ювентустің" алғашқы ойыншысы. Мұның алдындағы туриндік футболшылар мұндай жетістікке төрт маусымда жеткен екен.

 

Сонымен қоса, Роналду үш бөлек елдің клубтары үшін 100 және одан көп доп салған бірінші футболшы, деп жазады ESPN. Форвард "Реал" сапында 450 және "Манчестер Юнайтедте" ойнағанында 118 гол соққан. Онымен қоса, 36 жастағы ойыншы 103 голды Португалия құрамасы үшін салған.

 

Биылғы маусымда Роналду "Ювентус" үшін барлық турнирде 42 матчке қатысып, 35 гол салды және төрт нәтижелі пас берді.

 

 

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31