Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

21 қазан 2021, 15:21

"Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

Португалдық футболшы Чемпиондар лигасында 38 командаға гол соққан. Бұл жарыстың үздік көрсеткіші болды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 3-турында "Манчестер Юнайтед" "Атланта" командасын 3:2 есебімен жеңген болатын Роналду командасына жеңіс әкелген голдың авторы атанған.
Stan.kz