Футбол

Криштиану Роналду ең үздік футболшы атанды

  • Криштиану Роналду ең үздік футболшы атанды

    Криштиану Роналду ең үздік футболшы атанды

Дубайда Globe Soccer Awards жүлдесін табыстаудың салтанатты рәсімі болып өтті. Ең үздік ойыншылар мен топтарды Еуропалық топтар ассоциациясы мен Еуропалық футбол агенттігі ассоциациясы марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылдың ең үздік футбол ойыншысы болып "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду танылды. Ол барселоналық Лионель Месси мен ливерпульдік Вирджил ван Дейк және Мұхамед Салахты басып озды. 

Роналду Globe Soccer Awards-тың нұсқасы бойынша осымен 4-ші рет қатарынан жылдың "ең үздік ойыншысы" атанып отыр. Өзінің футбол карьерасында ол аталған марапатқа алтыншы рет ие болған екен. 

2019 жылдың ең үздік футбол клубы деп "Ливерпуль" танылса, "ең үздік жаттықтырушы" титулын осы топты жаттықтыратын Юрген Клопп иеленіпті. Ал осы жылдың "ең үздік қақпашысы" мәртебесі бразиялық Алисон Бекерге тағайындалған. 

Номинация кезінде әйелдер арасындағы ең үздік ойыншы да анықталыпты. Бұл марапатқа англиялық Люси Бронз ие болды. 

 

 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31