Футбол

Криштиану Роналду футболдағы ізбасарын тапты

  • © RT

    © RT

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду клуб португалиялық "Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Жоау Фелишті тез арада өздеріне алу керек деген ойда, - деп хабарлайды Sportsmole.


Роналдудың ойынша, Фелиш футбол әлемінде оның ізбасары бола алады. Португалиялық "Ювентус" басшылығынан келісімшартты жылдамырақ аяқтауды сұрап отыр. Өйткені 19 жастағы хавбек туриндіктерге келесі Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көмек болады екен.


Алайда Фелишке италиялық клуб қана қызығып отырған жоқ, жартылай қорғаушыны "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити" және "Реал" өз сапында көргісі келеді.


Фелиштің өзі "Ювентуске" ауысуға қарсы емес. Биылғы маусымда ол 37 матчте 16 гол салды және тоғыз нәтижелі пас берді. 12 сәуірдегі германиялық "Айнтрахтқа" қарсы ойында (4:2) хавбек Еуропа лигасының 1/4 финалында хет-трик жасаған ең жас футболшы атанды.


Айта кетейік, 16 сәуірде голландиялық "Аякс" туриндік "Ювентусты" 1/4 финал кезеңінде Чемпиондар лигасынан шығарып тастады.


Роналду "Ювентуске" мадридтік "Реалдан" 2018 жылы жазда ауысқан. Футболшының трансфері 112 миллион еуро болды.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30