Футбол

Криштиану Роналду карантиннен шыққан бойда қос голдың авторы атанды

  • Криштиану Роналду карантиннен шыққан бойда қос голдың авторы атанды

    Криштиану Роналду карантиннен шыққан бойда қос голдың авторы атанды

  • Криштиану Роналду карантиннен шыққан бойда қос голдың авторы атанды

    Криштиану Роналду карантиннен шыққан бойда қос голдың авторы атанды

«Ювентус» командасының намысын қорғайтын португалиялық Криштиану Роналду карантиннен шыққан бойда қос голдың авторы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италия чемпионатының алтыншы турында атақты футболшы, қазір бапкер Андреа Пирлоның шәкірттері сырт алаңда «Специя» командасымен кездесті.

«Ювентус» өткен маусымда кезекті чемпиондық атаққа қол жеткізсе, «Специя» біріншілікке биыл қосылған еді.

К.Роналдудан коронавирус анықталып, карантинге кеткеннен кейін туриндік клуб ел чемпионатында тағы бір дебютант «Кротонемен», сосын өз алаңында «Веронамен» 1:1 есебімен тең ойнап, алтыншы орынға сырғып кеткен еді. Оның үстіне Чемпиондар лигасында өз алаңында «Барселонаға» 0:2 есебімен есе жіберді.

«Специямен» ойын да «Ювентусқа» оңайға түскен жоқ. Бірінші таймда Альваро Мората есеп ашқанмен, алаң иелерінен Томмазо Побега 11 метрліктен таразы басын теңестіріп үлгерді. Екінші таймда да есеп біразға дейін өзгерген жоқ. Міне, осы кезде А.Пирло 58-минутта аргентиналық Пауло Дебаланың орнына К.Роналдуды ойынға қосты. Арада бір минут өтпей жатып, А.Моратадан керемет пас алған К.Роналду қақпашыны да оп-оңай алдап өтіп, гол соқты. Содан кейін тағы бір тыңнан қосылған ойыншы Адриен Рабьо шеберлігімен танылды &ndash 3:1. Ал 77-минутта К.Роналду 11 метрлік айып добын дәл орындап, есепті 4:1-ге жеткізді.

Осылайша 12 ұпай жинаған «Ювентус» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Биылғы чемпионатты тамаша бастаған «Милан» клубы 16 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. 6-турда Стефано Пиолидың шәкірттері сырт алаңда «Удинезені» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл матчта 39 жастағы швециялық Златан Ибрагимович жеңіс голын соғып, өзінің әлі де бабында екендігін таныта білді.

Чемпиондар лигасында G тобында 3 ұпаймен екінші орында келе жатқан «Ювентус» 4 қараша күні сырт алаңда мажарстандық «Ференцварош» клубымен кездеседі. Мажарстандық команданың құрамында кезінде «Қайратта» өнер көрсеткен бразилиялық Исаэл ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын К.Роналдудың коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша 2020
    ӨЛМЕЙДІ МАРАДОНА!!!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31