Футбол

Криштиану Роналду "Реал" мен "Ювентус" арасындағы айырмашылықты айтты

  • © Footboom.com

    © Footboom.com

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду қазіргі командасы мен мадридтік "Реал" айырмашылығын айтты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".


Италиялық клубқа Роналду жазда 112 миллион еуроға ауысқан. Келісімшарт 2022 жылға дейін жасалды. Роналду "Реалдан" клуб тарихындағы үздік бомбардир ретінде кетті - барлық турнирдегі 438 матчте 451 гол.


"Бұл мен ойнаған ең жақсы ұжым деп айта аламын. Біз - бір командамыз. Өзге жерде кей ойыншылар өздерін басқалардан жоғары тұрғандай сезінеді, ал мұнда барлығы қарапайым. Егер Дибала мен Манджукич гол салмаса, олар бәрібір күледі. Айырмашылықты сеземін. Мадридте де барлығы қарапайым, бірақ, "Ювентус" бір отбасыға көбірек ұқсайды", - дейді Роналду Gazzetta dello Sport басылымына берген сұхбатында.


Сонымен бірге, ол неге дәл "Ювентусқа" ауысқанын түсіндірді.


"Маған бірнеше ұсыныс жасалды, нақты қандай екенін айтпай-ақ қояйын. "Ювентуспен байланысым барын сеземін. Әлемнің үздік клубына ауысып жатқаныма сенімді болғаным жоқ, дегенмен, Мадридтегі тоғыз жылдан кейін дұрыс шешім қабылдағаныма сенімді едім. "Юве" көп жағынан басқа командаларға ұқсамайды, тіпті мұндағы маған деген қатынасы да өзге. Кішкентай ғана дүниелер үлкен мағынаға ие", - дейді Роналду.


Айта кетейік, 33 жастағы Роналду А сериясындағы 15 матчте он гол, ал Чемпиондар лигасында төрт ойында бір гол салды.


vesti.kz  




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.12.2018, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30