Криштиану Роналду "Реалға" оралуы мүмкін

02 тамыз 2021, 23:16

"Ювентустің" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания біріншілігіне қайта оралуы мүмкін.

 

As басылымының ақпараты бойынша, португалиялық футболшы туриндік клубтан кеткісі келеді екен. Ол "Реалға" қайта оралуға қарсы емес. Биыл күзде оның агенті Флорентино Переспен келіссөз өткізіп, бітімге келе алмаған.

 

Енді Роналдудың ойынша оны "Реалға" команданың жаңа бас бапкері Карло Анчелотти қайтарып ала алады-мыс.

 

Бірақ "Реал" басшыларының қазір көздеп отырған футболшысы - Килиан Мбаппе. Сол үшін де мадридтік команда биыл ешқандай трансфер жасамай, келесі жылы франциялық шабуылшыны сатып алу үшін барлық жағдай жасайтын болады.

 

 

kaz.vesti.kz