Криштиану Роналдуға қарсы. Еуро-2024 іріктеуіне қарсыластар таңдалды

30 қыркүйек 2022, 15:04

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуіне қатысады, ал weglobalfootball.com порталы ұлттық командамызға әлеуетті қарсыластар таңдап қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның алдында Қазақстан командасы Ұлттар лигасы тобында жеңіске жетіп, шешуші ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Ал басылым Қазақстанға қарсылас бола алатын бірнеше команданы таңдады.

 

6 топтан өзге кездесуі мүмкін бірнеше жұп:

 

Босния және Қазақстан - 15,8 пайыз;

Франция және Косово - 14,5 пайыз;

Финляндия және Гибралтар - 13,9 пайыз;

Украина және Латвия - 13,9 пайыз;

Сербия және Қазақстан - 13,7 пайыз.

 

 

Ал әлеуетті қарсылас ретінде қазақстандық ойыншыларға бірнеше мықты құрама көрсетілді - Бельгия, Португалия және Испания. Осылайша, Магомед Адиев жетекшілігіндегі футболшылар әлемдегі еңмықты  команың бірімен, оның ішінде Криштиану Роанлду ойнайтын құрамамен жолығуы мүмкін.