Футбол

Қуат, Исламхан, Ахметов: "Қайрат" командасынан жеті бірдей ойыншы кетті

  • Бауыржан Исламхан. Фото: іnstagram.com/f.c.kairat

    Бауыржан Исламхан. Фото: іnstagram.com/f.c.kairat

Алматылық "Қайрат" футбол клубынан жалпы құны сегіз миллион еуроға (3 394 558 288 теңге) бағаланған жеті спортшы кетіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Клубтан кеткен футболшылар арасында Георгий Жуков, Магомед Парагульгов, Исламбек Қуат, Елдос Ахметов, Мартон Эппель, Сергей Политевич пен Бауыржан Исламхан бар.

Айта кету керек, жеті футболшының арасында ең қымбатқа бағаланған спортшы Бауыржан Исламхан болған деп хабарлайды Transfermarkt.

Оның нарықтағы бағасы қазіргі уақытта 2,4 миллион еуроға (1 018 523 830 теңге) бағаланған. Ал ең арзан ойыншы Магомед Парагульгов болыпты. Оның бағасы 400 мың еуро немесе 169 753 971 теңге.

Сонымен қатар, командадан осыншама спортшы кеткеннен кейін клуб әлі бірде бір ойыншымен келісім-шарт жасаспаған.

Айта кетсек, өткен жылы "Қайрат" командасы екінші позицияға жайғасты. Көшбасшы атанған "Астана" клубынан қайраттықтар небәрі бір ұпай қалып қойған.

Еске сала кетсек, жақында ғана "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Елдос Ахметов шаңырақ көтерген еді.

Елдос Ахметовтың таңдауы Ләйлә деген қызға түскен. Қазақстандық футболда өз орны бар аяқдопшының үйлену тойы туған қаласы Таразда өткен.

Жас жұбайлардың қуанышында отандық футбол жұлдыздары ғана емес, шоу-бизнес өкілдері де өте көп болды.Отбасын құрған Ахметовты арнайы құттықтап келгендер қатарында: Ерке Есмахан, Асхат Садырбай, Бауыржан Исламхан, Ұлан Қонысбаев, Еркебұлан Сейдахмет, Қайрат Түнтеков, Асқар Жүнісбеков және тағы да басқалар болды.

 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.12.2019, 23:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30