Футбол

Куман "Барселонада" көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасады

  • https://kaz.vesti.kz/

    https://kaz.vesti.kz/

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман клубта көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасағанын айтты.

 

"Мен әлсіз позициялар мен сол жерге сай келетін ойыншылардың тізімін жасадым, олар мені қызықтырады деп ойлаймын. Кез-келген бапкер әрдайым қаңтарды құрамды жақсартуға болатын уақыт деп санайды. Мұның ішінде мен де бармын, бірақ бұл клубқа байланысты", - деп келтірді Marca Куманның сөздерін.

 

Бұған дейін Куман "Барселонаға" көп гол салуға қабілетті шабуылшы керек деп айтқан болатын. Бұл позицияға үміткерлер тізімінде "Лион" шабуылшысы Мемфис Депай бар. Және "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Эрик Гарсиямен келісіп қойғандығы туралы да ақпарат болды.

 

"Барселона" Ла Лиганың турнир кестесінде 28 ұпаймен бесінші орында тұр. Команда көшбасшы "Атлетикодан" 10 ұпайға қалып келеді. Каталондық клуб бүгін, 6 қаңтарда "Атлетикпен" ойнайды. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де.

 

 

 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30