Куман Мессидің "Барселонадан" неге кеткенін айтты

03 наурыз 2022, 19:45

"Барселона" командасының бұрынғы бас бапкері Рональд Куман Лионель Мессидің командадан не үшін кеткенін айтып берді, деп жазады Eurosport порталы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kaz.vesti.kz сілтеме жасап.

"Команда басшыларының өтінішімен, клубтың қаржылық жағдайын ретке келтіру үшін мен бірнеше футболшылардың кетуіне келісім бердім. Бірақ кейін команда 55 миллион еуроға футболшыны сатып алғанда бірдеңенің дұрыс болмағанын сезіндім. Өйткені, олар Мессиді ақша жоқ деп жіберді. Демек бұл жерде бір нәрсе шикі. Әйтпесе олар неге Лионельдің кетуіне кедергі болмады?, - деді Куман.

 

Еске салайық, қыста "Барселона" командасы "Манчестер Ситиден" Ферран Торресті 55 миллион еуроға сатып алды.

 

Ал өткен жазда Лионель Месси болса ПСЖ командасына ауысып, "2+1" жүйесі бойынша келісімшарт жасады.