Левандовски "Бавариядан" кету себебін ашып айтты

07 маусым 2022, 19:11

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски "Бавариядан" неге кеткенін түсіндірді. Футболшы командада өзара түсінісушілік жоғын айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Өмірден көбірек эмоция алғым келетіндіктен кетемін. Олар мені соңына дейін тыңдағысы келмейді. Ішімде бір нәрсе сынып қалғандай болды. Бұған бей-жай қарап отыра алмаймын. Кәсіпқой болсаң да, мұның орын толтыра алмайсың", - деп береді Левандовскидің сөзін 90 min.

 

Еске салайық, Левандовски "Бавария" сапында 2014 жылдан өнер көрсетіп келеді, ал келісімшарты 2023 жылы аяқталады.

 

Мұның алдында шабуылшы "Барселонамен" келісімшартын талқылап қойғаны хабарланды.