Футбол

Левандовскиге Роналдудың рекордынан асып түсу мүмкіндігі туды

  • Сурет

    Сурет "Баварияның" сайтынан алынды.

"Бавария" командасының шабуылшысы Роберт Левандоски Чемпиондар лигасының финалдық кездесуінде Криштиану Роналдудың рекордын жаңартуы мүмкін.

 

Франциялық "Лион" командасына қарсы өткен кездесуде польшалық шабуылшы бір гол соқты. Ал есеп 3:0 есебімен аяқталған еді. Бұл Левандовскидің биылғы маусымдағы осы турнирде соққан 15-ші голы болатын.

 

Жалпы Чемпиондар лигасында бір маусымда ең көп гол соққан футболшы Криштиану Роналду. Португалия құрамасының шабуылшысы 2013/14 жылғы маусымда "Реал" сапында 17 гол соққан еді. Ал 2015/16 маусымда ол 16, 2017/18 жылы 15 гол соққан.

 

Левандоскидің бұл рекордты қайталануына тіпті жаңартуына мүмкіндігі бар. Ол үшін шабуылшы финалдық ойында 2 немесе 3 гол соғуы керек.

 

Айта кетейік, Бавария" және ПСЖ арасындағы финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

 

"Бавария" үшін бұл 11- финал болайын деп тұр. Ал ПСЖ болса бірінші рет финалға шықты.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31