Футбол

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды

  • Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды

    Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды

Футболдан Америка кубогында биыл Аргентина құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалда Бразилия мен Аргентина құрамалары өзара күш сынасты. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі «Маракана» стадионында өткен кездесуде аргентиналық футболшылар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 22-минутта Анхель Ди Мария өзінің еншісіне жазды.

Айта кетерлігі, белгілі футболшы Лион е ль Месси өзінің мансабында тұңғыш рет Америка кубогының иегері атанып отыр. Ол бұған дейін аталған турнирде 2007, 2015, 2016 жылы күміс жүлдегер атанса, 2019 жылы қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, ол турнир барысында 7 ойын өткізіп, 4 гол соғып және 5 нәтижелі пас шығарып берді.

Америка кубогы 13 маусым мен 11 шілде аралығында Бразилияда өткізілді.




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 12:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30