Футбол

Лионель Месси "Барселона" басшылығына қатулы жауап қайтарды

  • © footballua.tv

    © footballua.tv

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Instagram желісіндегі парақшасында команданың спорт директоры Эрик Абидальмен жанжалдасты, - деп хабарлайды "Лента.ру".

 

Месси Абидальдің клубтың бұрынғы бапкері Эрнесто Вальвердені есіне алғанына үнсіз қалмады. Директордың сөзінше, Вальвердені команда сынап-мінеп, жаттығу кезінде барын салмаған екен-мыс. Осыған ашуланған аргентиналық футболшы басшыдан көңілі толмайтындардың есімін атауды талап етті.

 

"Әркім өзіне жүктелген тапсырмаға жауапты болуы тиіс. Спорт департаментінің адамдары бірінші кезекте клубты басқаруға жауапты болғаны жөн", - деп жазды Месси.

 

"Барселона" Вальвердемен 14 ақпанда қош айтысты. Келісімшартты бұзу шешімі екіжақты өзара мәмілеге келу арқылы жасалған. Бүгінде клубтың бас бапкері - Кике Сетьен.

 

Вальверда 2017 жылы жазда клубтың бас бапкері болды. Ол "Барселонаны" екі рет Испания чемпионатында жеңімпаз етті. Чемпиондар лигасының 2017/2018-маусымында клуб ширек финалда "Ромадан" жеңіліп (4:1; 0:3), жарыстан шығып қалды. Былтырғы маусымда "Барселона" жартылай финалда англиялық "Ливерпульден" ұтылды (3:0; 0:4).

 

 kaz.vesti.kz




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30