Футбол

Лионель Месси "Барселонадағы" болашағы туралы айтты

  • https://www.eurosport.ru/

    https://www.eurosport.ru/

"Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси карьерасын қайда жалғастыратыны туралы ойымен бөлісті. Оның сөздерін La Sexta басылымы келтіріп отыр.

 

"Ешқандай клубпен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпын. Бұған дейін де айтқанымдай, маусым соңына дейін әлі ештеме белгісіз. Алда не боларын көреміз. "Барселонада" қаламын ба, жоқ па оны маусым соңында сөйлесеміз", - деді Месси.

 

Сонымен қатар аргентиналық футболшы карьерасын аяқтаған соң да каталониялық клуб сапында қалуы мүмкін екенін мәлім етті.

 

Одан бөлек, Месси ешқашан "Барселонаның" басты қарсыластары "Реал" мен "Атлетико" командаларына ауыспайтынын айтты.

 

Еске салайық, биыл жазда Мессидің "Барселонадан" кетіп, "Манчестер Сити" сапына ауысуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бірақ кейін Мессидің өзі мәлімдеме жасап, келісімшартының соңына дейін "Барселонада" қаланын хабарлады.

 

Биыл шабуылшы Испания біріншілігінде 14 кездесуге қатысып, 7 гол соқты. Ал "Барселона" болса 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында келеді.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 00:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30