"Ливерпуль" маусымда алғаш рет жеңіс сериясын жасады

27 желтоқсан 2022, 15:18

"Ливерпуль" сырт алаңда "Астон Вилланы" ұтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

АПЛ 17-туры аясында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

 

Мохамед Салах бесінші минутта есеп ашты, ал 37-минутта Вирджил ван Дейкке ассист жасады.

 

 

 

Олли Уоткинс 59-минутта есепті қысқарта алды. Ал 81-минутта 18-жастағы қорғаушы Стефан Байчетич командасы үшін бірінші голын салып, матч есебіне нүкте қойды.

 

 

Осылайша, "Ливерпуль" осы маусымда алғаш рет қатарынан үш матчта ұтты. Турнир кестесінде команда алтыншы келеді.