«Ливерпуль» осы маусымдағы екінші титулына қол жеткізді

15 мамыр 2022, 14:19

"Ливерпуль" футбол клубы 2006 жылдан бері алғаш рет Англия Кубогын жеңіп алды. Олар финалда өздерінің мәңгі қарсыластары – "Челсиді" пенальтиден (6:5) ұтып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Уэмблиде" өткен Англия Кубогының финалдық матчы негізгі уақытта да, қосымша уақытта да тең есеппен аяқталды.

 

Константинос Цимикас шешуші айып добын соғып, "Ливерпульге" осы маусымдағы екінші олжаны қанжығаға байлатты.

 

27 ақпанда бұл командалар Англия лигасы кубогының финалында кездесіп, онда да Ливерпуль сәттілікке қол жеткізген.

 

 

Сурет: Instagram/liverpoolfc

 

Команда жаттықтырушысы неміс Юрген Клопп болса, "Ливерпульмен" бірге алтыншы олжаны еншіледі, оның мансабында барлығы 11 атақ тіркелді. Клопп шәкірттері АПЛ (2020), Чемпиондар Лигасы (2019), УЕФА Суперкубогы (2019), Клубтық Әлем чемпионаты (2019) және Англия лигасы кубогы (2022) чемпиондары атанды.

 

"Ливерпульге" келгенге дейін Юрген Клопп Бундеслигада және Германия Суперкубогында екі рет, дортмундтық "Боруссиямен" Германия Кубогында бір рет жеңіске жетті.