Мадридтік "Реал" президенті сайланды

13 сәуір 2021, 19:42

Флорентино Перес мадридтік "Реал" президенті қызметіне автоматты түрде өтті. Бұған себеп ол сайлауға өтініш берген жалғыз үміткер болды, деп хабарлайды AS.

 

Осылайша, дауыс беру қажет болмады.

 

Менеджер мадридтік клубқа 2021 мен 2025 жылдар аралығы жетекшілк ететін болды. Ол "Реалға" 124 миллион еуро (клуб бюджетінің 15 пайызы) кіріс кепілдік еткен жалыз адам.

 

Перес мадридтік клубқа кейінгі 12 жыл үздіксіз жетекшілк етіп келеді, оның алдында 2000 мен 2006 жыл аралығы да "Реал" президенті болған.

 

 

kaz.vesti.kz