Футбол

«Манчестер Юнайтед» жанкүйерлері «Ливерпульмен» өтетін матчты болдырмай тастады

  • © BBC

    © BBC

Ағылшын футбол клубтары – «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» арасындағы жоспарланған матч болмай қалды. Оған Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионына 200-ге жуық жанкүйер басып кіріп, клуб иелері – америкалық Глейзер отбасына наразылығын білдіруі себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

 

Матч 2 мамыр, жексенбі күні британиялық уақыт бойынша сағат 16:30 басталуы керек еді. Матчтың ендігі өтетін күні әлі анықталмады. Клубтар арасында келіссөздер жүреді.

 

Англия Премьер-лигасының өкілі матчтың кейінге ауыстырылуын «полицияның, екі клубтың және Премьер-Лиганың бірлескен шешімі» болды деп мәлімдеді.

 

Бұл Премьер-лига матчының алғаш рет болмай қалуы. Өткен айда «Манчестер Юнайтед» иелері Еуропалық Супер лигаға қосылуға тырысты, алайда жанкүйерлердің жаппай наразылығынан кейін олар бұл ойдан бас тартты.

 

Карантин шектеулерін қатаң сақтап, МЮ мен Ливерпуль ойыны да бос стадионда өтуі керек еді. Алайда жүздеген жанкүйер алаңға кіріп кеткен. Полиция оларды қуып жіберді, бірақ арада аздаған уақыт өткенде олардың кейбіреулері алаңға қайта жүгіріп шыққан.

 

«Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» ойыншылары тәртіпсіздік басталған кезде стадионға қонақ үйлерінен әлі шығып үлгермеген.

 

«Біздің ұстанымымыз – ойынды өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдаған кезде қоғамдық қауіпсіздік бірінші орында болуы керек. Стадионның қатысушылары да, қызметкерлері де, басқа да ресми тұлғалар толық қауіпсіздікте болуы керек. Өкінішке орай, оған кепілдік беру мүмкін болмады», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

 

 

 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 12:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30