Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Манчестер Юнайтед» Нидерланд құрамасының шабуылшысы үшін 50 млн еуро төлеуге дайын

17 желтоқсан 2022, 17:17

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» Нидерланд құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо үшін 50 млн еуро төлеуге дайын, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

The Telegraph мәліметіне қарағанда, аталмыш клубтың бас бапкері Эрик тен Хаг Гакпоны команданың басты трансферттік мақсаты деп есептейді.

 

Биылғы маусымда 23 жастағы шабуылшы ПСВ клубы және ел құрамасы сапында барлық жарыста 18 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

 

Коди Гакпо Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында бес матчта үш гол соғып, көзге түсті. Мамандар ол «Манчестер Юнайтед» клубымен келісімшартты үзген Португалия шабуылшысы Криштиану Роналдуды алмастыра алады деп отыр.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Месси мен Мбаппенің үздік ойыншылар тізімінде көш бастап тұрғанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Марокко әлем чемпионатында қола медаль алған 15-інші құрама атануы мүмкін.