Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Манчестер Юнайтед" "Ноттингем Форест" командасын ойсырата ұтты

28 желтоқсан 2022, 15:53

"Манчестер Юнайтед" Катрадағы ӘЧ-ден кейін Англия чемпионатының бірінші ойынында "Ноттингем Форест" командасын ұтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

17-тур матчі Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Маркус Рэшфорд (19-минут), Антони Марcьяль (22) және Фред (87) гол салды.

 

Осы жеңістен кейін "МЮ" 29 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынын нығайта түсті, ал "Ноттингем Форест" 13 баллмен 19-орында келеді.

 

31 желтоқсанда өтетін келесі турда "МЮ" сырт алаңда "Вулверхэмптонмен" ойнайды. Ал 1 қаңтар "Ноттингем Форест" өз алаңында "Челсимен" матч өткізеді.

 

Еске салайық, қараша айында "Манчестер Юнайтед" сапынан Криштиану Роналду кетіп қалған болатын.