Футбол

«Манчестер Юнайтедті» жеңген «Вильярреал» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

  • https://www.championat.com/

    https://www.championat.com/

Бүгін UEFA Еуропа лигасының биылғы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Финалда «Манчестер Юнайтед» (Англия) мен «Вильярреал» (Испания) командалары кездесті. Ойын Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында болды.

 

Кездесу екі команданың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Есепті 29-минутта испаниялық Жерар Морено ашты. Оған 55-минутта ағылшындық клуб сапынан Эдинсон Кавани бір голмен жауап қайырды.

 

Негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын овертаймға ұласты.

 

Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Вильярреал» клубының жолы болып, турнирдің жеңімпазы атанды.

 

Айта кетсек, «Манчестер Юнайтед» аталған турнирде 2016/2017 жылғы кезеңде чемпион атанған еді. Ал «Вильярреал» финалға тұңғыш рет шығып отыр.

 

Еске салсақ, жартылай финалда «Манчестер Юнайтед» Италияның «Рома» командасын (6:2, 2:3) артқа қалдырса, «Вильярреал» Англияның «Арсенал» клубының (2:1, 0:0) осал тұсын тапқан болатын.

 

Айта кетелік, 29 мамырда UEFA Чемпиондар лигасы финалында Англияның «Манчестер Сити» және «Челси» командалары кездеседі.

 

 

 




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31