Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатының ең мықты бомбардирі атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Аргентина құрамсына қарсы финалда Килиан хет-трик жасады.
Осылайша, ол Катардағы мундиальда сегіз гол салып, сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты.
Ал әлем чемпионы атанған Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жеті голмен екінші орында.