Футбол

Мбаппе Нұр-Cұлтанға келе жатыр

  • https://nevasport.ru/

    https://nevasport.ru/

"Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Қазақстанға қарсы ойында Франция құрамасының қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

2022 жылғы әлем чемипионатының іріктеу ойыны Нұр-Сұлтан қаласында, алдағы жексенбі 28 наурыз күні өтеді. Ертең, 27 наурызда қонақтар ойын алдындағы жаттығу жұмыстарын "Астана Аренада" өткізетін болады.

 

Осыдан бұрын Француз лигасы мен клубтардың ойыншыларды құраманың ЕуроОдақ сыртында өткізетін матчтарына жібермеу туралы келісімі нәтижесінде Мбаппе Қазақстанға келмейді деген ақпарат тараған болатын.

 

Алайда, көріп отырғанымыздай ұлттық құрама өзінің жұлдызды ойыншысына мұқтаж тәрізді. Франция құрамасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Мбаппенің "Эвертон" командасының қорғаушысы Люки Динь және "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Адриен Рабьемен түскен суретін жарияланды.

 

"Қазақстанға аттанып барамыз", - дейді сурет астындағы жазу.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана Аренадағы" бұл ойын Қазақстан үшін 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарының алғашқысы болмақ. Франция осыған дейін өз алаңында Украинаны қабылдап, ойын сенсациялық түрде 1:1 нәтижесімен аяқталған еді. Ал 22 жастағы  Мбаппе өткен жазда әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде мойындалған болатын.

 

 

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 17:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31